Мәжіліс Еуроодақ елдерімен ынтымақтастық туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Еуроодақ елдерімен ынтымақтастық туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Еуроодақ елдерімен ынтымақтастық туралы келісімге қосымша хаттаманы бекітуді мақұлдады

Бүгін, 4-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Чехия, Эстония, Кипр , Латвия, Литва, Венгрия, Мальта Республикасының, Польша, Словения және Словак Республикасының Еуропалық Одаққа кіруін назарға ала отырып, бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік орнататын әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге хаттаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Мамыр 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы және Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге 1995-жылдың 23-қаңтарында Брюссельде, ал хаттамаға 2004-жылдың 30-сәуірінде қол қойылған.

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың түсініктемесіне сәйкес, хаттаманы жүзеге асыру нәтижесінде 2004-жылдың 1-мамырынан бастап Еуроодаққа мүшелікке өткен елдерде келісімді күшіне енгізуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, «хаттама Қазақстан мен Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасында саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және тереңдете түсуді қамтамасыз ету үшін құқықтық — келісім базасын бейімдеуге бағытталған объективті сұранысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді».
Вице-министр осы орайда Қазақстанның Еуроодақтың Орталық Азиядағы ірі сауда әріптесі қалпында қала беретінін атап өтті. 2004-жылы Қазақстан мен Еурооадақ арасындағы тауар айналымы 10,5 млрд. долларды құрады.
Заң жобасы сенаттың қарауына тапсырылды.

Перейти к новостям спорта