ҚР ҰҚК "Activ" номерлерін міндетті түрде тіркеу шарасын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК "Activ" номерлерін міндетті түрде тіркеу шарасын қолдайды

ҚР ҰҚК "Activ" номерлерін міндетті түрде тіркеу шарасын қолдайды

ҚР ҰҚК "Activ" номерлерін міндетті түрде тіркеу шарасын қолдайды. Бұл туралы бүгін, 4-мамырда парламентке келген ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Владимир Божко үзіліс кезінде журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Мамыр 2005
  • 604
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық істерді тексеру барысында анықтағанымыздай, телефон қоңырауларын жасыру үшін лаңкестік ұйымдардың мүшелері «Activ» желісінің қызметін жиі пайдаланатын болып шықты»,- деді В.Божко.

Оның айтуынша, «Орталық Азия моджехедтерінің жамағаты» атты лаңкестік ұйымның іс-қызметі тексерілген қылмыстық іс аясында оның мүшелері «Activ» карточкаларын пайдаланатыны анықталды. «Олардың қолында шетелдегі орталықтарымен байланысқа шығу үшін әрбіреуінде үштен-беске дейін телефондары болған және олардың номерін ұдайы өзгертіп отырған»,- деді ол. «Еліміздегі қылмыс әлемі түгелдей»Activ» номерлерін тұтынады»,- деді В.Божко. «Осындай жолмен заңнан бас сауғалап қалу оңайға түседі»,- деп пайымдайды ол.
Осыған байланысты В.Божко GSM-Kazakhstan ұялы байланыс компаниясының
«Activ» желісінің тұтынушыларын қайтадан тіркеуге бағытталған әрекеттерін дұрыс қадам деп бағалады.

Перейти к новостям спорта