Елбасы Ақтөбе облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ақтөбе облысына барады

Елбасы Ақтөбе облысына барады

Ақтөбеліктер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алуға дайындалу үстінде. Мемлекет басшысының бұл облысқа жұмыс сапары 11-13-мамырға белгіленген. Бұл жайында KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Мамыр 2005
  • 516
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында президент облыс орталығында салынып жатқан 10 қабатты үйдің құрылысымен танысады. Осынау көп қабатты үйдегі 30 пәтер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне беріледі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Елбасы құбыр өндіретін зауыттың тұсаукесеріне қатысып, Ақтөбедегі «Қазхром ТҰК» АҚ ферроқорытпа зауытында болады деп межеленген.
Сонымен бірге мемлекет басшысы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Ақтөбедегі филиалының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысады.
Сапар барысында Елбасы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық «Атамекен» одағының филиалы өкілдерімен кездесіп, студент жастардың слетіне қатысады. Слетте облыс аясында құрылысшы топтарды құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланады.