Келісімге 2004-жылдың 18-маусымында Астанада қол қойылды. Ол әскери инфрақұрылым нысандарын бірлесіп пайдалану барысындағы тараптардың құқығы мен міндеттерін айқындап береді. Құжатқа сәйкес, тараптар бірлесіп пайдалану үшін бөлінген қазіргі бар, дамытуға және құруға жоспарлаған әскери инфрақұрылым нысандары туралы тактика-техникалық мәліметтерді өзара таныстырып, әскери инфрақұрылымның тактика-техникалық ақпараттармен бөліседі. Келісім нормалары бойынша тараптар әскери инфрақұрылым нысандарын бірлесіп пайдалануға дайын жағдайда ұстауға міндетті. Бұл нысандарды құру, ұстау және дамыту шараларын тараптар дербес немесе шығындарды үлеспен бөлісіп көтеру арқылы жүзеге асырады.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.