Парламент ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерінің мәртебесі туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерінің мәртебесі туралы келісімді бекітті

Парламент ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерінің мәртебесі туралы келісімді бекітті

Бүгін, 5- мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығының заңнамалық негіздерінің мәртебесі, оларды жобалау, қабылдау және жүзеге асыру туралы" келісімді бекіту туралы" заңды мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Мамыр 2005
  • 375
Фото - Caravan.kz

Бұл келісім-шарты ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының іс-қызметін реттейді. Ал ассамблеяның өзі ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерін жобалаумен шұғылданады. Құжат заңнамалық негіздерді жобалауда органдардың өзара ықпалдастық тәртібін айқындап, ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер үшін тиісті құқықтық қарым-қатынас салаларындағы құқықтық реттеуге біртұтас негіз қалайды.

Келісімге ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің мемлекет басшылары 2004-жылдың 18-маусымында Астанада қол қойған. ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.
Келісімді бекіту туралы заң мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта