Оңтүстік Қазақстан облысындағы мешіттердің басым бөлігі Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының құрамына енуден мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мешіттердің басым бөлігі Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының құрамына енуден мүдделі

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мешіттердің басым бөлігі Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының құрамына енуден мүдделі

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мешіттердің басым бөлігі Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының құрамына енуден мүдделі. Бұл туралы облыс әкімінің мешіт имамдарымен және құқық қорғау мекемелерінің басшылығымен кездесуінде айтылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Мамыр 2005
  • 428
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін облыстағы 109 мешіт Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына бағынбай келген. Алайда, түсініктеме жұмыстарынан кейін 92 мешіт оған мүшелікке өтуге ниет білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, имамдардың сауатсыздығы мен діни бірлестіктерді әділет мекемелерінде тіркеу — басты қиындықтар болмақ. Қазіргі жағдаймен жалпы діни бірлестіктердің 290-ы ғана жер учаскелеріне құқықтарын рәсімдесе, жерге берілетін мемлекеттік актіні 48 бірлестік қана тіркеген. 30 діни бірлестік әділет мекемелерінде мүлдем тіркелмеген. 460 имамнан 136 адам ғана аттестациялаудан өтті. Бәйдібек ауданындағы 45 имамның 30 -ы атқарып жүрген кәсібіне лайықтығын дәлелдей алмады.
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 619 діни бірлестік жұмыс істейді. Соның ішінде 525 исламдық, 59 протестанттық бағыттағы христиандық (23 баптистік, 12 пресвитериандық), 19 православиелік христиандық, 1 христиандық католик және 5 дәстүрлі емес діни бірлестіктер бар. Облыста 16 шетелдік дін таратушылар ресми түрде жұмыс істейді.

Перейти к новостям спорта