Министрлік ақпаратына сәйкес, 6-мамырда таңертеңгі сағат 4-те Алматы -Ташкент тас жолының 455-ші шақырымында ішінде 35 жолаушысы бар «ЛАЗ» бағытты автобусы мен «Ауди-100» автокөлігі соқтығысып қалды. Апат салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Автобустың жолаушыларына тиісті дәрігерлік көмек-жәрдем көрсетілді. Министрлік ақпаратына сәйкес, олардың арасында ауруханаға жатқызуды талап ететіндер жоқ.