Парламент палаталарынан құрылған келісім комиссиясының шешімімен
бюджеттің кіріс бөлігі 1 трлн. 245 млрд. 300 млн. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 18,9%-і, шығыс бөлігі 1 трлн. 359 млрд. 300 млн. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 20,7%-і көлемінде бекітілді. Бюджет тапшылығы 113,8 млрд. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 1,7% мөлшерінде өзгеріссіз қалды.
Сөйтіп заң қабылданып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.