ҚР СІМ Халықаралық көші-қон ұйымының бас директорымен жүздесті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Халықаралық көші-қон ұйымының бас директорымен жүздесті

ҚР СІМ Халықаралық көші-қон ұйымының бас директорымен жүздесті

Бүгін, 6-мамырда Женевада ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Брунсон МакКинлимен жүздесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 6 Мамыр 2005
  • 446
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар көші-қонға қатысты жаҺандық тауқыметтерді талқылады. Қазақстан мен Халықаралық көші-қон ұйымы арасындағы ынтымақтастық бағыттары сарапқа салынды.

Қ.Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы Қазақстанды одан әрі демократияландыру мен модернизациялаға қатысты басты идеялармен таныстырды.
Б.МакКинли Қазақстанның экономика саласындағы жетістіктері мен ішкі саяси тұрақтылық оны аймақтағы даму деңгейі төмен елдердің босқындары үшін тартымды елге айналдырғанын, бұл өз кезегінде еліміз үшін кейбір қиындықтар тудырып отырғанын атап өтті.
Кездесу барысында миграциялық және шекаралық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттек мекемелердің қызметкерлерін заңсыз көші-қонның алдын алу, мигранттар құқығы, адам саудасы, оралмандарға арнап реабилитациялық орталықтар ашу мәселелері бойынша оқыту салаларында Қазақстан мен Халықаралық көші-қон ұйымы арасындағы ықпалдастықты одан әрі жалғастыру туралы мәміле жасалды.
Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Қазақстанға осынау маңызды халықаралық ұйыммен белсенді қарым-қатынасы үшін ризашылық білдірді. Өз кезегінде Қ.Тоқаев Б.МакКинлиді Қазақстанға келіп қайтуға шақырды.

Перейти к новостям спорта