Павлодарда өмір бойы бас бостандығынан айрылғандарға арналған абақтыны мамыр айында сала бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда өмір бойы бас бостандығынан айрылғандарға арналған абақтыны мамыр айында сала бастайды

Павлодарда өмір бойы бас бостандығынан айрылғандарға арналған абақтыны мамыр айында сала бастайды

Павлодарда өмір бойы бас бостандығынан айрылғандарға арналған Қазақстандағы алғашқы абақты мамыр айында салына бастайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар облыстық басқармасынан хабарлады.

  • 6 Мамыр 2005
  • 471
Фото - Caravan.kz

Биыл абақтыны салуға арнап республикалық бюджеттен 350 млн. теңге бөлінді. Құрылысты аяқтау үшін бюджеттен 3,5-4,5 млрд. теңге жұмсалмақшы. Құрылыс жұмыстары 4 жылда аяқталуға тиіс.

ҚР әділет министрлігінің мәліметі бойынша, жергілікті химиялық зауыттың төрт қабатты ғимараты абақтыға айналдырылып жабдықталады.
Зауыт ғимараттары қаладан да , химиялық зауыттың соңғы үш жыл бойы демеркуризациялық жұмыстар жүргізілген сынап электролизі цехынан да шалғайда орналасқан.
Абақтыға 1 мыңдай жазасын жүктеушіні қамауға болады.

Перейти к новостям спорта