Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай,
бүгін мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесіп, мәңгілік отқа гүл шоқтарын қояды.
Сондай-ақ, сапар бағдарламасы аясында президент «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» ААҚ-ында болып, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық «Атамекен» одағы облыстық филиалының мүшелерімен кездеседі. Сонымен бірге Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуына 10 жыл толу мерейтойына қатысып, кардиологиялық орталықта болып, облыстағы білім беру саласы қызметкерлерімен жүздеседі.
11-мамырда президент облыстағы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен және Зеленов ауданы Дарьинское ауылының тұрғындарымен кездеседі. Сондай-ақ бұл жерде Батыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсіптік кешен кластерлерінің тұсаукесері өтеді. Мемлекет басшысы «Жасыл ел» шарасына қатысып, алғашқы тың игерушілерге арналған аллеяның іргетасын қалау шарасына қатысады. Сол күні Елбасы Қарашығанақ кенішін игеруші шетелдік компаниялардың жетекшілерімен кездеседі.