"Хабар" агенттігінің бас директоры Жанар Әбділдина қайғылы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хабар" агенттігінің бас директоры Жанар Әбділдина  қайғылы қаза тапты

"Хабар" агенттігінің бас директоры Жанар Әбділдина қайғылы қаза тапты

Алматыда "Хабар" агенттігінің бас директоры Жанар Әбділдина жол апатынан мезгілсіз қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Хабар" агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 10 Мамыр 2005
  • 879
Фото - Caravan.kz

Апат 10-мамырда болған. Апат салдарынан автокөлікте Ж.Әбділдинамен бірге болған Раушан Сәрсенбаева, Тимур Урманчеев пен жүргізуші Серік Бақбаевтар түрлі дәрежеде жарақаттанды.

Баспасөз қызметінң хабарлауынша, «Хабар» агенттігінің қызмет бабындағы автокөлігімен соқтығысып қалған көлік жүргізушісінің аты-жөні анықталды.
Жанар Әбділдина 1969-жылдың 3-мамырында Алматыда туған.
Ж.Әбділдина Алматы сәулет-құрылыс институты мен ҚР президентінің жанындағы Ұлттық мемлекеттік жоғарғы басқару мектебін бітірген. 1996-жылы ҚР мемлекеттік мүлік комитетінде жұмысқа жолданды. 1999-жылдан бері Қаржы полициясы мекемелерінде қызмет атқарды.
Ж.Әбділдина 2002-жылдың шілде айынан бері «Еуразия + ОРТ» ЖАҚ-ның әкімшілік мәселелері жөніндегі директоры, 2002-жылдың қазан айынан бері «Еуразия + ОРТ» ЖАҚ бас директорының орынбасары болды.
Ж.Әбділдина 2004-жылдың ақпан айынан бері «Хабар» агенттігінің бас директоры және «Хабар» агенттігі» АҚ басқармаларының төрағасы қызметін атқарды.