Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағының өкілдерімен жүздесті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағының өкілдерімен жүздесті

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағының өкілдерімен жүздесті

Бүгін, 10-мамырда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оралда кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық "Атамекен" одағының облыстық филиалының өкілдерімен жүздесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне одақтың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Мамыр 2005
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Атамекен» одағының үйлестіру кеңесінің мүшесі Ержан Ахмедьяров мемлекет басшысын облыстық кәсіпкерлер форумының қорытындысынан хабардар етті. Бұл форумда Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер кеңесін құруға шешім шығарылып, жиынға қатысушылар кәсіпкерлердің ар-ұждан кодексін қабылдаған болатын.

Батыс Қазақстан облысында жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын 22 мың шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Оларда облыстағы экономикалық белсенді тұрғындардың 14 проценті еңбек етеді. 2004-жылы бұл кәсіпорындар бюджетке түсетін салық түсімдерінің 13 процентін қамтамасыз етті.

Перейти к новостям спорта