2005-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен Қазақстан Халық банкінің зейнетақы жинақтаушы қоры салымшыларының саны 1,276 млн. адамға жетіп, бір жылда 10 процентке өсті. Зейнетақы жинақтаушы қор басқармаларының төрайымы Кәмила Арыстанбекованың айтуынша, зейнетақы жинақтарының 23,7 процентін болашақ зейнеткерлердің салымына қосылатын инвестициялық кіріс құрайды.