Оппозиция мүшелерінің құрылтай жиналысына қатысушыларға қарақшылық шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оппозиция мүшелерінің құрылтай жиналысына қатысушыларға қарақшылық шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Оппозиция мүшелерінің құрылтай жиналысына қатысушыларға қарақшылық шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының құрылтай жиналысына қатысушыларға қарақшылық шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық прокурордың БАҚ мәселелері жөніндегі аға көмекшісі Берік Қайыпов хабарлады.

  • 10 Мамыр 2005
  • 387
Фото - Caravan.kz

Облыстық прокурор Мұхтар Жөргембаевтың тапсырмасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің «бұзақылық» жөніндегі 257-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іс облыстық прокурордың тікелей бақылауында болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2-мамырда Шымкентте»Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сәрсенбаев және Болат Әбіловтың қатысуымен өткізілген облыстық құрылтай конференциясын ереуілшілер өткізбей тастады. Күндізгі сағат 12-де конференция өтуге тиіс «Турист» қонақүйіне екі автобус келіп жеткен. Оларда «Сіздер ұлттың ұятысыздар», «Тұрақтылықты бордай тоздырмаңыздар», «Біз президенттің саясатын қолдаймыз», «Оңтүстікте төңкеріске жол жоқ» деген жазуы бар үнпарақтар ұстап алған бір топ жастар болған. Автобуспен келгендер қонақ үйге кіре алмаған. Күзетшілер тек шақыру билеттері бар адамдарды ғана ішке қарай жіберген. Сонымен бірге күзетшілер конференциядан кейін баспасөз мәслихаты өтеді деген сылтаумен ішке журналистерді де жібермеген. Автобуспен келген жастар шабуылға көшіп, күзетшілерді жапырып ішке өткен. Ереуілшілер оппозиция мүшелеріне ыдыс-аяқ, жиҺаз, тас немесе таяқ сынды заттарды лақтыра бастаған. Соның салдарынан «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшілері оқиға орнынан қашып шығуға мәжбүр болады.

Перейти к новостям спорта