Алматыда автокөліктер тонаумен шұғылданған үш топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автокөліктер тонаумен шұғылданған үш топ құрықталды

Алматыда автокөліктер тонаумен шұғылданған үш топ құрықталды

2005-жылдың алғашқы тоқсанында Алматыда автокөліктер тонаумен шұғылданған үш топ құрықталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Мамыр 2005
  • 368
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен қылмыстық топ мүшелерінің Алматы және Алматы облысы аумағында жасалған 17 көлік тонау оқиғасына қатысы бар екені анықталып отыр.

Жалпы алғанда 2005-жылдың алғашқы тоқсанында республика аумағында автокөлік барымталау оқиғасы 67 мәрте тіркеліп, автокөліктерді тонаудан басқа заңсыз мақсатпен иемденіп алу дерегі 378 мәрте шықты.
Осы мерзімде ішкі істер органдары автокөлік құралдарын тонау оқиғасымен күрес тиімділігін арттыруға бағытталған 207 шұғыл профилактикалық шара өткізді.
Облыстық жол полициясы басқармаларының құрылымында ұрланған автокөліктер мен айдап әкетілген көліктердің қосалқы бөлшектерін анықтау жөніндегі арнаулы шұғыл іздестіру топтары жұмыс істейді.
Қымбат автокөліктерді ұрлау және айдап әкету оқиғалары әсіресе Шығыс Қазақстан облысы (74), Алматы (72), Қарағанды (46), Оңтүстік Қазақстан (33) және Павлодар (33) облыстары аумағында көп тіркелді.

Перейти к новостям спорта