Қазақстандық инвесторлар Қырғызстандағы балалар үйлеріне 55 мың доллар көлемінде қаржы аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық инвесторлар Қырғызстандағы балалар үйлеріне 55 мың доллар көлемінде қаржы аударды

Қазақстандық инвесторлар Қырғызстандағы балалар үйлеріне 55 мың доллар көлемінде қаржы аударды

Қазақстанның "Альянс Капитал" компаниясы мен "Seimar Social Fond" инвестициялық тобы Қырғызстандағы жетімдер үйіне қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл туралы бүгін, 11- мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Seimar Social Fond" инвестициялық тобының атқарушы директоры Айғаным Малишева құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Мамыр 2005
  • 318
Фото - Caravan.kz

А.Малишеваның айтуынша, республикадағы бірнеше жетімдер үйіне 2 млн. 255 мың сом немесе 55 мың доллар көлемінде жебеушілік көмек көрсетілді. Инвесторлар алдағы уақытта жетімдерді асыраушы қаржыға мұқтаж мекемелерге қазіргі заманғы компьютерлер сатып алуға арнап 1 млн. 230 мың немесе 32 мың доллар көлемінде грант бөлмеші.

«Компания Қырғызстанға тек ауқымды инвестициялық жобаларды ғана ала келмей, әлеуметтік салада да күрделі жоспарларды әзірлеп отыр»,- деді топтың атқарушы директоры. А.Малишеваның айтуынша, шара Қазақстан үкіметінің бауырлас Қырғызстан халқына көмек көрсету бастамасының жалғасы ретінде жүзеге асырылды. «Seimar Social Fond» инвестициялық тобының өкілі олардың басмасын Қырғызстандағы кәсіпорындар қолдайды дегенге сенім білдірді.
«Альянс Капитал» компаниясымен аффилирлік байланыстағы «Seimar Social Fond» инвестициялық тобы биылғы жылдың сәуір айында Қырғызстандағы ірі ұялы байланыс компаниясы «Бител» акцияларының 100 проценттік қоржынын сатып алған.

Перейти к новостям спорта