"Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының өкілдері Шымкенттегі оқиғаға қатысты бейнематериалдарды ҚР Бас прокуратурасына табыстады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының  өкілдері Шымкенттегі оқиғаға қатысты бейнематериалдарды ҚР Бас прокуратурасына табыстады

"Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының өкілдері Шымкенттегі оқиғаға қатысты бейнематериалдарды ҚР Бас прокуратурасына табыстады

Бүгін, 11-мамырда Астанада Қазақстан үшін" қоғамдық қозғалысының өкілдері Шымкенттегі оқиғаға қатысты бейне- және фотоматериалдарды ҚР Бас прокуратурасына табыстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне блоктың штабынан хабарлады.

  • 11 Мамыр 2005
  • 437
Фото - Caravan.kz

Ондағы мақсат — «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының облыстық құрылтай конференциясын өткізбей тастаған ереуілшілердің қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғасына көпе-көрнеу назар аудармай қойған тәртіп сақшыларының іс-әрекетінің заңдылығын анықтау болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2- мамырда «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сәрсенбаев және Болат Әбіловтың қатысуымен өткізілген облыстық құрылтай конференциясын ереуілшілер өткізбей тастады. Күндізгі сағат 12-де конференция өтуге тиіс «Турист» қонақүйіне екі автобус келіп жеткен. Автобуспен келген жастар шабуылға көшіп, күзетшілерді жапырып ішке өткен. Ереуілшілер оппозиция мүшелеріне ыдыс-аяқ, жиҺаз, тас немесе таяқ сынды заттарды лақтыра бастаған. Соның салдарынан «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшілері оқиға орнынан қашып шығуға мәжбүр болады.

Перейти к новостям спорта