Жолаушы тасымалдайтын ұшақтан табылған дүние - баланың ойыншығы болып шықты - құтқару қызметі - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушы тасымалдайтын ұшақтан табылған дүние - баланың ойыншығы болып шықты - құтқару қызметі

Жолаушы тасымалдайтын ұшақтан табылған дүние - баланың ойыншығы болып шықты - құтқару қызметі

Бүгін, 12-мамырда 7 сағат 50 минутта Алматыдағы халықаралық әуежайға Мәскеуден ұшып келген "Трансаэро" әуекомпаниясына қарасты Боинг-737 ұшағының ішінен табылған дүние - баланың ойыншығы болып шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Мамыр 2005
  • 501
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, салмағы 3,8 кило болатын көк түсті пакет ұшақтың жүк қоятын бөлігінен табылған. Пакетке рентген сәулесін түсірген құтқару қызметінің саперлері онда сымдардың бар екенін анықтады. Пакеттен сағаты бар механизмнің дауысы шығып тұрған.

Ұшақтың бортында 200-дей жолаушы болған. Жолаушылар әуежай ғимаратына шығарылды.
Тексеру барысында әлгі зат Грециядан Алматы арқылы Петропавл қаласына транзитті жіберілген сәлемдеме болып шықты. Онда баланың ойыншық сағаты болған.

Перейти к новостям спорта