Ақтауда Қазақстан мен Ресейдің шекарашылары ынтымақтастық мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда Қазақстан мен Ресейдің шекарашылары ынтымақтастық мәселесін талқылады

Ақтауда Қазақстан мен Ресейдің шекарашылары ынтымақтастық мәселесін талқылады

Ақтауда Қазақстан мен Ресейдің шекаралық мекемелері басшыларының жұмыс бабындағы кездесуі өтіп, онда екі мемлекет басшысы 2004-жылдың қаңтар айында қол қойған шекара мәселелері бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастық пен ықпалдастық жөніндегі келісім шартын жүзеге асыру тақырыбы талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Мамыр 2005
  • 473
Фото - Caravan.kz

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры , генерал-лейтенант Болат Зәкиевтің айтуынша, шекаралық ынтымақтастық туралы екі жақты халықаралық келісімдердің ережелерінде Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметі шекара қызметі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметтері арасында мемлекеттік шекараны қорғау саласында ақпарат пен тәжірибе алмасуды қарастырады.

«Түрлі қиындықтарға қарамастан, алдағы уақытта шекараны бірлесе қорғап, шекара маңайын мекенденетін тұрғындардың өзара қарым-қатынасына мейлінше қолайлы жағдай жасау қажеттігі тұрғысында біздің ой-пікіріміз бір арнада тоғысады»,- деді Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметі директорының бірінші орынбасары — шекара қызметінің жетекшісі Владимир Проничев. «Ынтымақтастықтың басты мақсаты — өркениетті шекара құру. Біз тұрғындар арасындағы барыс-келіске қолайлы жағдай жасауға тиіспіз»,- деді ол.
Кездесу барысында тараптар Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасын қорғау үшін өзара ықпалдасу, заңсыз іс-әрекеттердің бетін ашу және олардың алдын алу, лаңкестікпен, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш және улы заттар, радиоактивті материалдар мен есірткі заттарының контрабандасымен, заңсыз көші-қонмен күрес мақсатында шекаралық мекемелердің бірлесе жүргізетін іс-шараларының жоспарын жасады.
Алдағы уақытта өзара ақпарат алмасу, маман дайындау, шұғыл іздестіру шаралары, қызметке қатысты тәжірибелік көмектер көрсету мәселелері бойынша ықпалдастық аясын кеңейту көзделіп отыр. Құжат сонымен бірге туындаған түрлі қиындықтарды мейлінше шұғыл шешуге мүмкіндік береді.
Бұл кездесу «дөңгелек үстел» түрінде өткізіліп, оған құрғақтағы, теңіздегі және шекаралық өткелектердегі шекара қорғаумен шұғылданатын барлық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Перейти к новостям спорта