Оның айтуынша, келісімдердің басым бөлігі экономика саласына, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастыққа, соның ішінде мұнайгаз саласындағы машина жасауға қатысты. «Қазақстанда мұнай өндіру көлемі ұлғая түсуіне байланысты мұнайгаз машиналарын жасау саласындаы ынтымақтастық пен осы саладағы Әзербайжан тәжірибесін зерттеудің біз үшін маңызы арт түсті»,- деді елші.
Елші президенттің сапары қарсаңында, 23-мамырда Баку қаласында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Әзербайжан-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысы өтеді.
Сапар барысында Қазақстан мемлекет басшысы 25-мамырда Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына мұнай жіберу шарасына қатысады.
Қазіргі жағдаймен екі ел арасында қол қойылған мемлекетаралық, үкіметаралық және салааралық келісімдердің саны 70-ке жуық. Соның ішінде 8 құжатқа былтыр қол қойылды. Атап айтсақ, мәдениет, ғылым және туризм саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасы, ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, мемлекеттік байланыс саласындағы, сауда-экономикалық және ғылыми ынтымақтастық туралы, мәдениет және азаматтық авиация саласындағыынтымақтастық туралы келісімдер болмақ.
Қазір Әзербайжанда Қазақстанның 17 компаниясы жұмыс істейді. Соның ішінде толық Қазақстан капиталынан құрылған 1 компания болса, 6 бірлескен кәсіпорын, Қазақстандағы түрлі ұйымдардың 10 өкілдіктері мен филиалдары бар.