4 айда соттың қаулысы бойынша 44 адам елден қудаланды. Қабылдаушы жақ тарапынан дер кезінде тіркетпеуге байланысты 108 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон полициясының мәліметі бойынша, тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін түрлі ұйымдардың 13 басшысы жазаланды. 4 айда Ресейдің 5 азаматы түрлі әкімшілік заң бұзушылық оқиғалары үшін ұсталды.
Сонымен бірге көші-қон полициясы басқармасы 4 айда алыс шетелдерден келген 2 113 адамды тіркеді. Олардың арасынан 147 адам тіркеу мерзімі туралы тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 9 адам ел аумағынан қуылды.
Сонымен бірге шақырушы жақ ролін атқарған 5 кәсіпорын басшысы қонақтарын дер кезінде тіркетпегені үшін жауапкершілік жүктеді.