"Қазақмыс" Ақтоғай кен байыту комбинатын салуға шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" Ақтоғай кен байыту комбинатын салуға шешім қабылдады

"Қазақмыс" Ақтоғай кен байыту комбинатын салуға шешім қабылдады

Шығыс Қазсқтан облысының оңтүстігінде Ақтоғай кен байыту комбинаты салынады. "Қазақмыс" корпорациясының басшылығы осындай шешім қабылдады,- деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

  • 16 Мамыр 2005
  • 1043
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «бұл жоба металл қоры кедей боп келетін Ақтоғай мыс кенішін игеруге бағытталған». Ақтоғай кенішін игеру жобасы тіпті Кеңестік кезеңде жасалған, алайда, кен құрамындағы мыс мөлшерінің тапшылығына байланысты тиімсіз деп саналған.

Ал қазір «Қазақмыс» корпорациясы Германияның ThyssenKrupp және Қытайдың GEMCO компаниясымен бірлесіп жаңа жоба жасауда. Мамандардың пікірінше, бұл жоба жылына 50 млн. тонна кен игеруге мүмкіндік беретін ауқымдылығымен және ілеспе өнім ретінде темір және алюминий өндіруге мүмкіндік беретіндігімен экономикалық тұрғыда тиімді болмақ.
Карьердің жанынан концентрат түрінде 155 мың тонна мыс өндіретін кен байыту комбинаты салынады.
Комбинат құрылысы 2006-жылғы қаңтарда Ақтоғай станциясынан темір жол желісін тартудан басталады. Артынан болашақ карьер орнында қазба жұмыстары басталады.
Ақтоғай кен байыту комбинаты 2010-жылы пайдалоануға беріледі деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта