Назаралиев алдағы президент сайлауына қатысудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назаралиев алдағы президент сайлауына қатысудан бас тартты

Назаралиев алдағы президент сайлауына қатысудан бас тартты

Нарколог маман Жеңішбек Назаралиев Қырғызстан президентінің сайлауына үміткер ретінде қатысудан бас тартты. Бұл туралы ол бүгін, 16-мамырда Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Мамыр 2005
  • 356
Фото - Caravan.kz

Ж.Назаралиевтің айтуынша, оның сайлау алдындағы алашапқыннан өз кандидатурасын кері қайтарып алуына «Ар-Намыс» партиясының жетекшісі Феликс Кулов пен Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиевтің өзара одақ құруы әсер еткен. Республикаға танымал дәрігер мұндай одақтың құрылуын «саяси тұрғыда уақытын тапқан дұрыс шешім» деп бағалады.

Ж.Назаралиевтің пікірінше, екі саясаткердің бір блокқа бірігуі «елдің өңірлік нышан бойынша жікке бөліну қаупін кері шегеріп, Қырғызстан халқының бірігуіне және қазіргі дағдарысты еңсеруге түрткі болады».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-мамырда Ж.Назаралиев барлық үміткерге бірдей қойылатын талап — қырғыз тілі білімінен емтихан тапсырды. Арнаулы құрылған лингвистикалық комиссия оның біліміне қатысты шешімді бір дауыстан қабылдай алған жоқ. Комиссияның сегіз мүшесінің төртеуі Ж.Назаралиев мемлекеттік тілді жеткілікті деңгейде меңгерген деп тапса, жартысы оның тіл біліміне көңілдері толмайтынын білдірген. Алайда журналистермен кездесуде бұрынғы үміткер президенттік орынтаққа үміткерліктен бас тартуға лингвистикалық комиссияның шешімінің ешбір қатысы жоқ деп мәлімдеді.
Бұған дейін өз кандидатураларын ұсынудан бас тартқанын социал-демократиялық партияның жетекшісі Алмаз Атамбаев пен Қырғызстан Республикасы Ұлттық гвардиясының қолбасшысы Әбдіғұл Чотбаев та мәлімдеген болатын. Қырғызстан президентінің сайлауы 2005-жылдың 10-шілдесінде өтеді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта