Алматыда "Chemie 2005" көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Chemie 2005" көрмесі өтеді

Алматыда "Chemie 2005" көрмесі өтеді

Ертең, 18-мамырда Алматыда "Химия өнеркәсібі және мұнай химиясы" Chemie 2005" атты ІІІ халықаралық көрме ашылады. Бұл туралы бүгін, 17-мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында жобаның менеджері Анастасия Балышева құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2005
  • 731
Фото - Caravan.kz

Iteca компаниясы ұйымдастырған бұл көрмеге Германия, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да 50-ге жуық елдің ірі компаниялары қатысуда. 2004-жылғымен салыстырғанда көрмеге қатысушылар саны 15 процентке артты.

А.Балышеваның айтуынша, Қазақстанның мүмкіндіктеріне жасалған талдау көрсетіп отырғандай, мұнай химиялық өндірістерін дамытуға қажетті барлық алғышарттар бар: жеткілікті көлемде шикізат ресурстары (мұнай, газ), халықаралық деңгейдегі мұнай химиялық технология және құрал-жабдық ұсыныстары мол, аймақтық халықаралық рынок тарапынан мұнай химиялық өнімнің қолда бар номенклатурасына сұраныс бар.
Көрме аясында мынадай бөлімдер жұмыс істейді: Химия және мұнай химиясы өнеркәсібінің шикізаты мен құрал-жабдықтары; Мұнай өңдеу және мұнай химиясы; Plastex; Негізгі және бейорганикалық химия; Агрохимия; Органикалық синтез; Синтетикалық майлар, пластмассалар, пластмасса өндеу; Композициялы материалдар, әйнекпластиктер; Лак-бояу материалдары; Синтетикалық каучуктер; Резина-техникалық заттар, көлік доңғалақтары; Тұрмыстық химия, парфюмерия және косметика; Кішітоннажды химия; Реактивтер, катализаторлар; Микробиологиялық синтез, биотехнологиялар; Химиялық технологиялар, ғылыми зерттеулер; Лабораториялық жабдықтар, ыдыстар.
Көрмеге ҚР энергетика және минералды ресурстар министрілігі, индустрия және сауда министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК қолдау көрсетіп отыр.

Перейти к новостям спорта