Оңтүстік Қазақстан облысында банкомат арқылы ақша ұрлау деректерінің беті ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында банкомат арқылы ақша ұрлау деректерінің беті ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында банкомат арқылы ақша ұрлау деректерінің беті ашылды

Қаржы полициясы мамандары Оңтүстік Қазақстан облысында банкомат арқылы аса ірі көлемде ақша ұрлау деректерінің бетін ашты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Мамыр 2005
  • 499
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, «ТұранӘлемБанкі» АҚ-ның Шымкенттік филиалының қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері аталмыш банкте сынақтан өтуге келген өзінің бір таныс қызына банкте 80 мың доллардың есепшотын ашқан Пәкістан азаматының пластикалық карточкасы мен ПИН-кодын біліп алуға кеңес береді.

Алдау жолымен Пәкістан азаматының пластикалық карточкасын иемденіп алған әлгі қаскөйлер оның есепшотынан Шымкент, Алматы және Тараздағы банкоматтардан 50 мың долларды алып иемденген.
Қазір алаяқтар қамауда отыр. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ірі көлемдегі алаяқтық» жөніндегі 177-бабы, 3-тармағы, «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта