Келісімге ЕурАзЭҚ аясында визасыз қатынау тәртібін қолдану және оның жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылау нәтижесінде қол қойылды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 24-мамырынан бастап ҚР және РФ азаматтары үшін жеке басты куәландыратын ішкі құжатпен өзара қатынау доғарылады.
Мемлекеттер аумағы арқылы қатынау үшін жаңа шетелдік төлқұжатты қолданысқа енгізу межеленген. Бұл жаңалық екі ел азаматтары арасында біраз наразылық тудырды.
Бүгін, 17-мамырда қол қойылған келісім жаңа құжатты енгізу талабын қуатсыз етеді. Бұдан былай ҚР және РФ азаматтары екі мемлекеттің шекарасынан өту, елдер аумағы арқылы қатынау үшін жеке басты куәландыратын ішкі құжаттарды пайдалана алады.
Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және тараптардың қайсыбірі шекара арқылы өту тәртіптеріне өзгерістер енгізгенге дейін әсерінен айрылмайды.