Мәжіліс ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы иммунитет және артықшылықтар туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы иммунитет және артықшылықтар туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы иммунитет және артықшылықтар туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 18-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы өкілдіктерінің иммунитеті мен артықшылықтары туралы ҚР үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы арасындағы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Мамыр 2005
  • 686
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нің орынбасары Алексей Волковтың түсініктемесіне сәйкес, келісімнің мақсаты — Қазақстан мен Еуропалық Қоғамдастық арасындағы ынтымақтастық пен өзара достық байланыстарды дамыта нығайту болып табылады.

Бұл келісімнің 3-бабына сәйкес, комиссияның өкілдігі, оның басшысы мен қызметкерлері, сондай-ақ, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында 1961-жылғы Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитетке ие. Сонымен бірге Еуропалық Қоғамдастық елдерінде Қазақстан өкілдігі, оның басшысы мен қызметкерлері, сондай-ақ, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне де осымен бірдей артықшылықтар мен иммунитет беріледі.
Келісімге 1993-жылдың 2-ақпанында Брюссельде қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта