Павлодарлық кеденшілер шекарадан есірткі алып өтпек болған екі Ресей азаматын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық кеденшілер шекарадан есірткі алып өтпек болған екі Ресей азаматын ұстады

Павлодарлық кеденшілер шекарадан есірткі алып өтпек болған екі Ресей азаматын ұстады

Павлодар облысы Шарбақты кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы марихуана алып өтпек болған екі Ресей азаматын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Мамыр 2005
  • 362
Фото - Caravan.kz

Павлодардан Новосибирскіге жол тартқан автобуспен 30 жастағы Ресей азаматы марихуанасы бар екі дорба алып өтпек болған. Ол дорбаларды киімінің ішіне жасырып алыпты. Сарапшылар тәркіленген есірткінің 630 грамм марихуана екенін анықтады.

Тағы бір 33 жастағы Ресей азаматы «Павлолар-Славгород» автобусымен марихуанансы бар тоғыз дорбаны шекарадан алып өтуге әрекет жасады. Есірткіні ол автобустың ішіне, орындықтың астына тығып қойған. Дорбалардан сарапшылар 700 грамм марихуананы анықтады.
Бұл деректер бйоынша қылмыстық іс қозғалып, тексерілуде.

Перейти к новостям спорта