Каспий теңізіндегі еліміздің аумақтық суларында браконьерлік кеме ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізіндегі еліміздің  аумақтық суларында браконьерлік кеме ұсталды

Каспий теңізіндегі еліміздің аумақтық суларында браконьерлік кеме ұсталды

Каспий теңізіндегі еліміздің аумақтық суларда Ресейдің браконьерлік кемесі ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау су полициясының бастығы Мереке Ісмұратов хабарлады.

  • 20 Мамыр 2005
  • 543
Фото - Caravan.kz

М.Ісмұратовтың айтуынша, Каспий теңізіндегі рейд шаралары кезінде тәртіп сақшылары Құрманғазы ауданының маңында моторлы қайықты тауып, қууға кіріскен.

Қашқан кеме ашық теңізге шығып кетуге әрекет жасайды. Қуғыннан қашқан табиғат қаскөйлері бірнеше ірі балықты суға тастап жіберген. Бірақ кешікпей кеме ұсталды.
Су полициясы қызметкерлері ұсталған кемеден жалпы салмағы 40 килоны құрайтын төрт бекіре балығын тапты. Бұл — еліміздің аумақтық суларына Дағыстаннан келген кеме болып шықты.
«Бекіре-2005» шарасы басталғаннан бері браконьерлер, қара уылдырық пен қызыл балық сатушы шетелдік 10 адам ұсталды. Олардың арасында Астрахань, Самара және Волгоград облыстары мен Мәскеу және Дағыстандық тұрғындар бар.
Балық аулау маусымында браконьерлерден 40 тонна балық, соның ішінде бекіре тұқымдас 6 тонна балық пен қолдан дайындалған 137 кило қара уылдырық тәркіленді. 84 қылмыстық іс қозғалды.