Қырғызстанда президенттіктен тағы бір үміткер сайлауға қатысудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президенттіктен тағы бір үміткер сайлауға қатысудан бас тартты

Қырғызстанда президенттіктен тағы бір үміткер сайлауға қатысудан бас тартты

Қырғызстан парламентінің депутаты Баяман Эркінбаев президенттік сайлауға қатыскдан бас тартты. Бұл туралы бұрынғы үміткер бүгін, 20-мамырда Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Мамыр 2005
  • 368
Фото - Caravan.kz

Б.Эркінбаевтың айтуынша, мемлекет басшысыгның сайлауына қатысудан бас тартуға республикадағы тұрақсыздық әсер етті. «Мемлекеттік тұрақтылығы мен Қырғыз халқын қорғау — саяси науқандарға қатысудан гөрі мен үшін биік мұрат»,- деп мәлімдеді депутат. Б.Эркінбаев мұндай шешімді өз бетімен қабылдағанын, оған ешкім де қысым көрсетпегенін жеткізді.

Парламент депутатының бұл қадамына баспасөз мәслихатына тікелей қатысқан Қырғызстан Республикасының бірінші вице-премьері Феликс Кулов қолдау білдіріп мақұлдады. Ол қазіргі Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиевпен одақ құрып, бірінші болып сайлауға қатысудан бс тартқаны белгілі. Одан кейін дәрігер Жеңішбек Назаралиев, экономикалық даму министрі Амангелді Мұралиев, Қырғызстан ұлттық гвардиясының қолбасшысы Әбдіғұл Чотбаевтар да үміткерліктен бас тартты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауы 10-шілдеге белгіленді.

Перейти к новостям спорта