ТұранӘлемБанкі директорлары кеңесінің бұрынғы төрағасы Серік Уәлиев басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметтен босатылды.
«Акционерлер бұл шешімге көптен бері дайындалды және ол туралы менімен келісті. Шешімді толық құптаймын. Мұхтар Қабылұлы — еліміз бен ТМД аясындағы бизнес ортада жоғары беделге ие мықты басқарушы. Оның банкке тың серпін әкелетіні анық. Өз басым жеке кәсіпкерлік жобаларымды жүзеге асыруға бел будым»,- деді С.Уәлиев.
Ал М.Әлязов болса, ұзақ мерзімді күрделі мақсатарды алған қойып отырған ТұранӘлемБанкі тобының стратегиялық даму жоспарын жасауға атсалысуға ниет білдірді.
М.Аблязов 1963-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Түрлі мерзімдерде «Астана-Холдинг» АҚ мен КЕGОC ҰК-ларын басқарып, ҚР индустрия, экономика және сауда министрі болды. Бұл тағайындауға дейін «Еуразия» инвестициялық-өндірістік тобының президенті қызметін атқарды.