Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жасалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жасалуда

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жасалуда

Байқоңырда DirecTV 8 ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі жүзеге асырылуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Мамыр 2005
  • 436
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, DirecTV 8 ғарыштық аппараты мен «Протон-М» зымыран тасығышы ұшыру қондырғысына 18-мамырда шығарылып орнатылды. Ғарыш айлағының мамандары № 200 алаңда зымыран тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелерін үш күн бойы тексереді.

Биылғы жыл ішіндегі шетелдік байланыс жер серігінің екінші коммерциялық ұшырылымы АҚШ аумағындағы бір ірі спутниктік телевидение операторының мүддесі үшін жүзеге асырылады. DirecTV 8 ғарыштық аппаратын АҚШ-тың Space Systems Loral компаниясы жасап, оны ұшыруға тапсырыс беріп отыр. Салмағы 4 тоннадан асатын DirecTV 8 ғарыштық аппараты геостационарлық орбитаға шығарылады. Жер серігі 15 жыл бойы белсенді пайдаланылады деп күтілуде. АҚШ-тың байланыс спутнигі сандық телевидение қызметін көрсетуге, тікелей телехабарларды жүргізуге және АҚШ,Канада және Ямайка елдеріндегі тұтынушылаарға мәліметтер жіберуге арналған.
«Бриз -М» жылдамдық үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран тасығышы DirecTV 8 ғарыштық аппаратын 21-мамырда Астана уақыты бойынша 23 сағат 59 минутта алып ұшады.

Перейти к новостям спорта