Қазақстан мен АҚШ бақылаусыз сәуле көздерін іздестіру бағдарламасын жүзеге асырады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен АҚШ  бақылаусыз   сәуле көздерін іздестіру бағдарламасын жүзеге асырады

Қазақстан мен АҚШ бақылаусыз сәуле көздерін іздестіру бағдарламасын жүзеге асырады

Қазақстан мен АҚШ үкіметтері қараусыз қалған радиоактивті сәуле көздерін іздестіру бағдарламасының жобасын жасап жатыр. Бұл туралы бүгін, 20-мамырда Алматыда өткен брифингте АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқармасының сарапшысы Ричард Миэн мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Мамыр 2005
  • 418
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық басқармасы мен Сандий ұлттық зертханасының сарапшылары «Иондаушы сәуленің бақылаусыз көздерін іздестіріп, қауіпсіз жерге сақтау» тақырыбына арналған семинар-тренинг аясында еліміздің мамандарына дәріс оқыды. Еліміздегі ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «МАЭК-Қазақстан» ЖШС, Үлбі металлургиялық зауыты сынды еліміздегі 5 ірі кәсіпорындар мен институттарда қызмет атқаратын 25 адам семинар-тренингіге қатысты. Тренинг барысында пайдаланылған жабдықтар радиоактивті көздермен жұмыс істейтін еліміздің кәсіпорындарына ақысыз таратып берілді.

Р.Миэннің айтуынша, қазақстандық физиктерді оқыту туралы бастаманы республика үкіметі көтерген.

Перейти к новостям спорта