Әзербайжан мен Қазақстан еліміздің мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау шарттарын келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан мен Қазақстан еліміздің  мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау шарттарын келісті

Әзербайжан мен Қазақстан еліміздің мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау шарттарын келісті

22-мамырда Бакуде өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Әзербайжан - Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында алты құжаттың жобасы келісілді. Бұл құжаттарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 24-25-мамырға межеленген Әзербайжан сапары кезінде қол қойылады деп күтілуде,- деп хабарлайды.

  • 23 Мамыр 2005
  • 428
Фото - Caravan.kz

Бұл құжаттардың арасында Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі үкіметаралық келісім де бар. ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің отырыс қорытындысы бойынша берген түсініктемесіне сәйкес, Қазақстанды Ақтау-Баку деп аталатын дербес кіші жүйесі бар біртұтас жүйе ретінде аталмыш транспорттық дәлізге біріктірудің техникалық шарттары іс жүзінде келісілді.

Ал Әзербайжан вице-премьері Аббас Аббасов Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру жөніндегі үкіметаралық келісімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуге жасайтын сапары кезінде қол қойылатынын хабарлады. «Бұл құжат түбегейлі дайындалып, алдын-ала келісілді. Біз бірнеше күннен бері құжатпен жұмыс істеп жатырмыз. Оған қол қою айрықша елеулі оқиға болмақ»,- деді вице-премьер.
Бас қосу барысында комиссияның тең төрағалары екі ел арасындағы тауар айналымының ауқымы да айтарлықтай өскенін атап өтті. «Жалпы алғанда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық барлық бағытта қарқынды дамып келеді. Әзербайжан статистикалық мекемелерінің мәліметі бойынша, кейінгі бір жылда тауар айналымы 1,6 есе өссе, Қазақстанның статистикалық мекемелерінің мәліметі бойынша 2,3 есе өскен. Мұндай мәліметтер арасындағы айырмашылық тауар айналымын есептеуде түрлі әдістемелерді қолдануға байланысты»,- деді В.Школьник.
Ол сонымен бірге Қазақстан тарапынан Каспий теңізіндегі эколоиялық ахуал мен сейсмикалық белсенділікке мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлай отырып, Әзербайжан жағын бұл жұмысқа қамтудың орындылығын атап өтті.
Үкіметаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Комиссияның төртінші отырысы 2006-жылы Астанада өтеді.

Перейти к новостям спорта