Қазақстандықтардың арыз-шағымдарының үштен бір бөлігі сот шешімдеріне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың арыз-шағымдарының үштен бір бөлігі сот шешімдеріне қатысты

Қазақстандықтардың арыз-шағымдарының үштен бір бөлігі сот шешімдеріне қатысты

2004-жылы ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияға адам және азаматтар құқығы мен бостандығына қол сұғуға қатысты 903 арыз-шағым келіп түсті. Бұл туралы бүгін, 23-мамырда Астанада мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдеріне арнап тұсаукесері жасалған 2004-жылғы Қазақстандағы адам құқығы мен бостандығының сақталу жағдайы туралы комиссияның баяндамасында айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Мамыр 2005
  • 548
Фото - Caravan.kz

Баяндамада атап көрсетілгеніндей, шағымдардың 32,56% -і азаматтардың сот шешімдерімен келіспеушілігіне, 14,17% -і әлеуметтік және еңбек құқықтарын бұзуға, 6,87% -і сот шешімдерінің орындалмауына, 12,51%-і құқық қорғау мекемелерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне, 4,43% -і сот мекемелерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне, 2,43% -і түзету мекемелерінің лауазым иелері мен пенитенциарлық жүйедегі жағдайға байланысты.

Сонымен бірге комиссияға 2004-жылы соттан тысқары құқықтарын қорғау туралы азаматтар 340 ауызша шағым айта келген.
2004-жыл қорытындысы бойынша комиссия парламент пен мүдделі мекемелерге құқықтық қатынас субъектілері тарапынан заңдарды біркелкі әрі нақты қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған ресми түсініктеме тетіктерін жасап қолданысқа енгізуге нұсқау берді. Республика үкіметіне Қазақстан тарапынан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні бекітуді тездету,сондай-ақ, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қосымша факультативтік хаттаманы солармен бір уақыта бекіту мәселесін қарау міндеті жүктелді. Сонымен бірге үкіметке ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияны нормативтік-құқықтық актілердің жобасын адам және азаматтар құқығының сақталуы тұрғысынан келісуге қатысатын мемлекеттік мекемелердің тізіміне енгізуге нұсқау берілді.
Баяндаманың тұсаукесері барысында комиссияның бірқатар мүшелері алдағы баяндамаларда мемлекеттік мекемелердің ұсынылған нұсқауларды орындау бағытындағы жұмыстары туралы ақпаратты да енгізуді ұсынды.

Перейти к новостям спорта