Астанада елімізде қаржылық мониторинг жүргізуді қолданысқа енгізуге арналған семинар өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада елімізде қаржылық мониторинг жүргізуді қолданысқа енгізуге арналған семинар өтті

Астанада елімізде қаржылық мониторинг жүргізуді қолданысқа енгізуге арналған семинар өтті

Бүгін, 23-мамырда Астанада ҚР Бас прокуратурасында елімізде қаржылық мониторинг жүргізуді қолданысқа енгізуге арналған семинар өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Мамыр 2005
  • 468
Фото - Caravan.kz

Семинар барысында қылмыстық жолмен тапқан кірістерді заңдастыруға қарсы күрес жөніндегі халықаралық ұйымның 40 нұсқауы қаралып, қаржылық мониторинг жүргізу жайттары мен уәкілетті мемлекеттік мекеменің негізгі функциялары талқыланды.

Баспасөз қызметінен хабарлауынша, бас прокурордың орынбасары Мерей Уәйісов Қазақстанда заңсыз жолмен тапқан кірісті заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрестің тиімді құқықтық тетіктерін жасаудың маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.
Семинар АҚШ елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған семинарға ҚР қаржы министрлігі, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, әділет министрлігі, индустрия және сауда министрлігі, құқық қорғау мекемелері мен банктер өкілдері қатысты.
Мамыр айының аяғында осындай семинар Алматыда да өтеді.

Перейти к новостям спорта