ТМД елдерінің сарапшылары Минск қаласында ұйымдасқан қылмыспен күресті үйлестіру жөніндегі бюроға қатысты ережелердің жобасын келіспекші - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің сарапшылары Минск қаласында ұйымдасқан қылмыспен күресті үйлестіру жөніндегі бюроға қатысты ережелердің жобасын келіспекші

ТМД елдерінің сарапшылары Минск қаласында ұйымдасқан қылмыспен күресті үйлестіру жөніндегі бюроға қатысты ережелердің жобасын келіспекші

ТМД елдерінің сарапшылары 24-26-мамырда Минск қаласында Достастық елдеріндегі ұйымдасқан қылмыспен және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі бюроға қатысты ережелердің жобасын, сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы адам саудасымен, адамның дене мүшелерінің саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын келіспекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Мамыр 2005
  • 813
Фото - Caravan.kz

Атқару комитетінің ақпаратына сәйкес, Достастық елдеріндегі ұйымдасқан қылмыспен және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі бюроға қатысты ережелер бюроның құқықтық мәртебесін, міндеттерін, функциялары мен құрылымын, сондай-ақ, бюроның іс-қызметін үйлестіру негіздерін айқындайды.

Бюроның басты мақсаты — ТМД-ға қатысушы елдердің Ішкі істер министрліктерінің ұйымдасқан қылмыс, лаңкестік, заңсыз есірткі айналымы және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күрес саласындағы ықпалдастығын үйлестіру болып табылады. Сонымен бірге бюро ТМД-ға қатысушы бірнеше мемлекеттің мүддесіне қатысты шұғыл-іздестіру шаралыры мен басқа да кешенді шараларды дайындап өткізуге түрткі болу, шұғыл тергеуші және шұғыл іздестіруші топтарға қолдау көрсету, ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер органдары мен мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне қылмыстарды әшкерелеу және тексеруге, басқа да қызмет бабындағы міндеттерін орындауға жәрдемдесу функцияларын атқарады. Бюроның басты мақсаттарының бірі — қылмыстық ортаның жетекшілері, халықаралық қылмыстық топтар мен қылмыстық қоғамдастықтардың ұйымдастырушылары мен белсенділері және олардың қылмыстық байланыстары туралы арнаулы мәліметтер қорын құру болып табылады.
ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы адам саудасымен, адамның дене мүшелерінің саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында Достастық елдеріндегі аталмыш қылмыс түрлеріне талдау жасау және олармен күрес нәтижелеріне қатысты ықпалдастық жайы қарастырылған.
Сонымен бірге келісім шеңберінде тараптардың адам саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастығын үйлестіретін құқықтық базаны жетілдіру, халықаралық келісімдердің тәртіптерін ескере отырып аталмыш саладағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру, бірлескен бағдарламалардың негізінде осындай құбылыстармен күрес және олардың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктерді құру, адам саудаына қарасы күреске бағытталған БҰҰ-ның конвенциясы мен басқа да халықаралық келісімдердің тәртіптерін орындау үшін өзара келісілген шараларды жүзеге асыру көзделген.
Келісімдер аясында ТМД елдері адам саудасына қатысты трансұлттық қылмыстық топтар, олардың жетекшілері, адам саудасының құрбанына айналу мүмкіндігі бар із-түзсіз кеткен адамдар туралы бірлескен мәліметтер қорын құрмақшы.

Перейти к новостям спорта