Астанада халықаралық бизнес-форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада халықаралық бизнес-форум өтеді

Астанада халықаралық бизнес-форум өтеді

Астанада БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасы - СПЕКА-ның халықаралық конференциясының ұйымдастыруымен бизнес-форум өтіп, оған Орталық Азия республикалары мен Әзербайжанның іскертоп өкілдері, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН), Орталық Еуропа елдері арасындағы еркін сауда туралы келісім (CEFTA), Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің ынтымақтастығы жөніндегі бастама (SECI) ұйымдарының сарапшылары қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі "Қазинвест" орталығынан хабарлады.

  • 24 Мамыр 2005
  • 492
Фото - Caravan.kz

Бизнес-форум барысында СПЕКА-ға мүше -елдердің кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен ақпарат алмасу жайы, соның ішінде, сауда-саттық, энергетика, ауылшаруашылығы, транспорт, ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастқ перспективаларын зерттеу жайы талқыланады.

Форумға қатысушылар Орталық Азиялық еркін сауда аймағын құруға, Орталық Азияның біртұтас рыногын немесе Орталық Азиялық Одақ құруға қатысты ұсыныстарды дәйектейді. Ол осынау аймақта экономикалық дамуға, әлемдік экономикаға кірігуге және жеке меншік секторға тың мүмкіндіктер беруге мейлінше қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталады.
Сонымен бірге форумда инвестициялық ахуалды жақсарту, тікелей инвестицияға септігін тигізу, шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсету мүмкіндіктері қаралады.
Бизнес-форумға ҚР индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев, еліміздің мемлекеттік мекемелерінің жетекшілері мен бағдарламаға қатысушы елдер өкілдерінің басшылары қатысады.
СПЕКА аясындағы халықаралық бас қосу 25-27-мамыр аралығында өтеді.

Перейти к новостям спорта