"Байқоңыр" ғарыш айлағындағылар кезекті ұшырылымға әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байқоңыр" ғарыш айлағындағылар кезекті ұшырылымға әзірленуде

"Байқоңыр" ғарыш айлағындағылар кезекті ұшырылымға әзірленуде

"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Фотон-М" ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-У" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 25 Мамыр 2005
  • 332
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыштық аппараттың жүйелері тексерілгеннен кейін, 23-мамырда «Фотон-М» №112 алаңдағы монтаждау және сынақ корпусынан №2Б алаңындағы монтаждау-сынақ алаңына шығарылды. Онда пневмовакуумдық сынақтар жүзеге асырылады.

«Фотон-М» ғарыштық аппаратына ғылыми құрал-жабдықтар зымыран-тасығышпен құрастырар алдында ғана орнатылады. Ғылыми зерттеулерге арналған жабдықтар мен биологиялық сынамалар Голландиядан Байқоңырға 26-мамырда жеткізіледі, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сынақтардан кейін ғарыштық аппарат зымыран тасығыштың негізгі бөлігімен түйістіріледі.
«Ұшып жүретін зертханаға» айналатын «Фотон-М» жер серігінің көмегімен материалтануға бағытталған және сұйықтық физикасы саласындағы зерттеулер жүргізіледі.
Мемлекеттік комиссияның жиналысы 30-мамырда өтіп, ол «Фотон-М» ғарыштық аппаратын алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын ұшыруға қатысты шешімді қабылдайды. Ұшырылым 2005-жылдың 31-мамырында жүзеге асырылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта