Мәжіліс транспорт туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс транспорт туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс транспорт туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 25-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Транспорт туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Мамыр 2005
  • 876
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын палатаның отырысына таныстырған ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Ерлан Қошановтың түсініктемесіне жүгінсек, «ұлттық заңнаманы Халықаралық азаматтық авиация қауымдастығының талаптарына сәйкестендіру қажеттігіне» байланысты заңға түзетулер енгізіліп отыр.

Атап айтсақ, заңның «жолаушылар құқығы» жөніндегі 13-бабына «тасымалдау барысында балаларды жеке орындармен қамтамасыз етпей, оқыс оқиғалар туындаған жағдайда қауіп төндіруге жол бермеуге бағытталған» өзгерістер енгізілді. Сонымен бірге жекелеген жолаушылар категориясы мен балаларды тасымалдау жолақысына жеңілдіктер көрсету қарастырылған. Ұзаққа созылған пікірталастар нәтижесінде депутаттар ішкі рейстерде 2-15 жас аралығындағы балалардың жолақысына 50 проценттік жеңілдікті сақтап қалуға шешім қабылдады.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта