Қайғылы оқиға Боралдай ауылындағы «Арғымақ» ЖШС-інде болған. Металл сынықтарды бөлшектеп аралау кезінде бір металл ыдыс жарылып, соның салдарынан 42 жастағы дәнекерші жарықшақтар тиіп оқиға орнында мерт болды. Сонымен бірге 50 литрлік газ баллонына жарықшақ тиіп жарылу салдарынан газды-ауалы қоспа тұтанды.
Министрлік ақпаратына сәйкес, оқыс оқиғадан өндіріс ғимаратына нұқсан келген жоқ. Жарықшақтар мен газ баллоны жарылыс себептерін анықтау үшін техникалық сараптамаға жіберілді.