Бас қосуға екі елдің мүдделі министрліктері мен мекемелерінің өкілдері, Қазақстанның даму институттарының жетекшілері мен Ресейдің инновациялық кәсіпорындарынң басшылары қатысады.
Бұл конференция туралы Мәскеуде Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаевтың ресейлік экономист-ғалымдармен және осы елдің жетекші инновациялық кәсіпорындары мен консалтингтік компанияларының жетекшілерімен кездесуінде хабарланды.
Қ.Көшербаев ресейлік мамандарға республикадағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы, Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауының басты қағидалары туралы әңгімелеп берді. Елші Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыру жайына кеңінен тоқталып, Қазақстанның даму институттарының стратегияны жүзеге асыру аясындағы іс-қызметінен хабардар етті.
Ал ресейлік экономистер Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыруға атсалысу мүмкіндіктеріне тоқталды. Олар екі елдің ынтымақтастығына қатысты бірқатар ұсыынстарымен бөлісті.