Облыс әкімі Сергей Кулагиннің айтуынша, бағаны қымбаттату — мәжбүрлі шара. Оған табиғи газды босату құнының қымбаттауы әсер етті. Ресейліктер бағаны 10 процентке көтерді, деді С.Кулагин. «Келіссөздер 4 айға созылды. Бірақ біз шегінімге қол жеткізе алмадық»,- деді ол.
Алайда С.Кулагиннің айтуынша, «жергілікті монополист қызмет бағасын көтерген жоқ». Сөйтіп, 1-маусымнан бастап Қостанайдағы пәтер тұрғындары тұтынған газ үшін бір адамға бұрынғыдай 131 теңгенің орнына 138 теңге төлейтін болады.