"Gold Product" АҚ компания басшылығының үстінен қозғалған қылмыстық істің төңірегінде шу тудырмақшы -қаржы полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Gold Product" АҚ компания басшылығының үстінен қозғалған қылмыстық істің төңірегінде шу тудырмақшы -қаржы полициясы

"Gold Product" АҚ компания басшылығының үстінен қозғалған қылмыстық істің төңірегінде шу тудырмақшы -қаржы полициясы

"Gold Product" АҚ-ның басшылығы компанияның директорлары кеңесінің төрағасы Юрий Вегелиннің үстінен қозғалған қылмыстық істің төңірегінде шу тудырмақшы. 25-мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылында "Экоагропродукт" ЖШС-нің ұжымымен кездесу кезінде ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) шұғыл әрекет ету басқармасының бастығы Серік Солтанбеков осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Мамыр 2005
  • 776
Фото - Caravan.kz

С.Солтанбековтың айтуынша, Алматы облыстық әкімшілігіне «Gold Product» АҚ-ның шарап өндіруге арналған жүзім сорттарын өсіруге маманданған еншілес кәсіпорны — «Экоагропродукт» ЖШС-нің еңбеккерлері ұжымынан хат келген. ЖШС-нің мыңдаған қызметкерлері мен жұмысшылары қол қойған хатта атап көрсетілгеніндей, қаржы полициясының заңсыз әрекеттері салдарынан ауылшаруашылығы кәсіпорнының жұмыстары қаржыландырылмай қалды. Соның салдарынан ЖШС өз қызметкерлерінің 90 процентін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болған. Өз кезегінде бұл түсімнен айрылуға апарып соққалы отыр. Ал өсімдік індеттерінің қаупіне байланысты жүзімдіктер тұрақты бағым-күтімді талап ететіні белгілі.

Кездесу барысында С.Солтанбеков «Gold Product» АҚ-ның директорлары кеңесінің төрағасы Юрий Вегелин мен «Түрген» өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Вера Кравцоваға қатысты қылмыстық істер тексеріліп жатқанына қарамастан, қаржы полициясы компанияның тікелей іс-қызметіне ешқандай кедергі келтіріп отырған жоқ деп мәлімдеді. АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының есепшоттары тұтқындалған жоқ, «Түрген» өндірістік кооперативінің шарап зауыты өнімін шығарып жатыр. Ал СЭС тарапынан ол өнімдердің сапасынан еш кінарат табылған жоқ, АҚ мамандары бұған дейін тәркіленген есепшілік құжаттармен еркін жұмыс істей алады.
«Экоагропродукт» ЖШС табысты жұмыс істеп жатқан дербес кәсіпорын болғандықтан, «Gold Product» АҚ мен «Түрген» өндірістік кооперативінің басшылығына қатысты қылмыстық істі аталмыш шарушылықтың болашағымен байланыстыруға болмайды, деп пайымдайды С.Солтанбеков. Ал туындаған қиындықты»Экоагропродукт» ЖШС басқа жақтан қаржы тарту арқылы шеше алады. Қаржы полициясы болса, егер өз әрекеттері арқылы шын мәнінде кәсіпорын мен жүзім өсіру саласына нұқсан келтірген жағдайда, шаруашылық жетекшілерін жауапкершілікке тарта алады,- деді басқарма бастығы.
С.Солтанбековтың айтуынша, қаржы полициясының басшылығы «Gold Product» АҚ-ның ұжымымен бірдей аталмыш қылмыстық істердің тез арада аяқталуынан мүдделі. Алайда әзірге кәсіпорын жетекшілері 2000-2002-жылдар аралығындағы есепшілік құжаттардың бір бөлігін жасыруға байланысты агенттік аудиторларымен жұмысты аяқтау мүмкін болмай отыр. Бұған қоса тергеушілер қолдан жасаған құжаттарды тапқан.
С.Солтанбековтың хабарлауынша, СЭС мамандарының күдігін тудырған және тәркіленген барлық «Түрген» шараптарды АҚ мен оның дистрибьюторлары жауапты сақтауға алған. Жалпы алғанда шарап және шарап сусындарының 66 түрі саудадан алынды. Олардың арасында «Сладость лозы», «Нектар Тургеня», «Тургеньское золотое», «Тургеньский бриллиант саперави», «Кагор», «Старый замок», «Жемчужина» сынды танымал маркалар бар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) «Gold Product» АҚ-ның директорлары кеңесінің төрағасы Юрий Вегелин мен «Түрген» өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Вера Кравцованы қамауға алды. Оларға «Заңсыз кәсіпкерлікпен шұғылдану», «Тұтынушыларды алдау», «Салық төлеуден жалтару» жөніндегі баптар бойынша айып тағыллған. ҚР президенті іс басқармасының медициналық орталығында, Астанадағы «Сараптама және сертификаттау жөніндегі ұлттық орталық» ААҚ-ында және сот сараптамасы орталығында дайын өнімге жасалған сараптамалар «Gold Product» өнімдерінің мемлекеттік стандарттарға сәйкессіздігін анықтады. Қаржы полициясының мәліметіне сенсек, В.Кравцованың қысымы бойынша «Түрген» өндірістік кооперативінің технологтары «3141» қызыл бояуының көмегімен ақ түсті шарап материалдарын бояп, шараптың 30-50 процентін сумен толтырып, оған қант пен спирт қосу арқылы табиғи шарапты шарап сусынына айналдырып отырған.

Перейти к новостям спорта