Мемлекет басшысы президент сайлауының мерзімі туралы: Орталық сайлау комиссиясына сенбеуге негіз жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы президент сайлауының мерзімі туралы: Орталық сайлау комиссиясына сенбеуге негіз жоқ

Мемлекет басшысы президент сайлауының мерзімі туралы: Орталық сайлау комиссиясына сенбеуге негіз жоқ

"Орталық сайлау комиссиясының пікірінше, президент сайлауы 2006-жылғы желтоқсанда өткізілуге тиіс. Орталық сайлау комиссиясының бұл ұстанымына сенбеуге ешбір негіз жоқ". Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің "Еуразия" журналына берген сұхбатында осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Мамыр 2005
  • 620
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты президент алдағы уақытқа межеленген жалақы және зейнетақы мөлшерін арттыру науқандары президенттік сайлауға дайындықтың қамы деген қаңқу сөздерді жоққа шығарды. «Мені көбінесе прагматик деп атайды, ал әзірге популист деп айыптаған ешкім болған жоқ»,- деді Н.Назарбаев. «Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту жоспары туралы мен былтыр айтып, үкіметке тиісті тапсырмалар бердім. Ал қазір қолда бар қор 1-шілдеден бастап кейбір позициялар бойынша төлемдер мөлшерін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетті».

Бұрынғы КСРО елдерінде кейінгі кездері болған оқиғалар туралы сөз қозғаған президент «бұл оқиғаларды әдеттегі идеологиялық тұрғыдан алғанда «төңкеріс» деп атау қисынға келмейді», деді. «Бұл жерде электоральдық циклдің аяғына таман билік ауысатын тұста элитаның қақ жарылғаны көрініп тұр. Бұл құбылыс кей жағдайларда саяси тұрақсыздықпен сабақтасты. Бұдан басқа әсіре өне қалған ештеңе де жоқ»,- деді президент.
Бұл оқиғалардың Қазақстанда қайталану мүмкіндігі туралы сауалға Н.Назарбаев былай деп жауап қатты: «ел ішінде де, елден тысқары жерлерде де Грузия мен Укранинадағы сценарийді қайталағысы келетін күштер табылады». Дегенмен, Елбасының пайымдауынша, «олардың дегені жүзеге аспайды». «Оған басты себеп, елімізде «төңкерісті ахуалдың» түзілуіне түрткі болатын кері әсерлер жоқ». «Оның үстіне біз жетістіктерімізге шүбә келтіруге, әрең деп қол жеткізген даму қарқынын бәсеңдетуге жол бере алмаймыз»,- деді Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта