Мәскеуде ТМД электрэнергетикалық кеңесінің кезекті отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ТМД электрэнергетикалық кеңесінің  кезекті  отырысы басталды

Мәскеуде ТМД электрэнергетикалық кеңесінің кезекті отырысы басталды

Бүгін, 26-мамырда Мәскеуде ТМД электрэнергетикалық кеңесінің кезекті 27- отырысы басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РАО "ЕЭС России" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Мамыр 2005
  • 392
Фото - Caravan.kz

Кездесуге Әзербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның электр энергетикасын басқарушы органдарының бірінші басшылары — уәкілетті өкілдері қатысуда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиналысқа қатысушылар ТМД елдерінің энергетикалық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты бірқатар мәселелерді талқылайды. Атап айтсақ, отырыстың күн тәртібінде ТМД энергетикалық жүйесінің 2004-2005-жылғы күз-қыс маусымындағы жұмысын қорытындылау, ТМД-ға қатысушы елдердің электр қуаты саласындағы 2020-жылға дейінгі ынтымақтастық және ықпалдастық стратегиясының жобасын талқылау межеленген.
ТМД электрэнергетикалық кеңесін 2000-жылдан бері РАО «ЕЭС Россия» компаниясының төрағасы Анатолий Чубайс басқарады.
ТМД электрэнергетикалық кеңесі электр энергетикасы саласында Достастық елдерінің мемлекетаралық қарым-қатынастарын үйлестіру туралы ТМД үкімет басшылары 1992-жылдың 14-ақпанында қол қойған келісімге сәйкес құрылған. Кеңестің басты мақсаты — біріккен электр энергетикасы жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі негізінде мемлекеттерді электр қуатымен сенімді әрі тұрақты қамтамасыз ету бағытында өзара үйлесімді іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
ТМД электрэнергетикалық кеңесіне Әзербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның электр энергетикасын басқарушы органдарының бірінші басшылары енеді.

Перейти к новостям спорта