Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын 1 млрд. долларға жеткізуге болады - Түркия үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын 1 млрд. долларға жеткізуге болады - Түркия үкімет басшысы

Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын 1 млрд. долларға жеткізуге болады - Түркия үкімет басшысы

Екі ел арасындағы тауар айналымын 1 млрд. долларға жеткізуге Түркия мен Қазақстанның мүмкіндігі толық. Бүгін, 26-мамырда ҚР парламенті сенатының спикері Нұртай Әбіқаевпен кездесуде Түркия үкімет басшысы Реджеп Эрдоган осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Мамыр 2005
  • 492
Фото - Caravan.kz

Р.Эрдоганның айтуынша, «екі ел арасындағы тауар айналымы қазір 730 млн. долларды құрап отыр». «Біз бұл көрсеткішті жеткіліксіз деп санаймыз және оны 1 млрд. долларға жеткізуге тиіспіз»,- деді ол.

Түркия үкімет басшысы өзімен бірге келген өкілдер арасында 100-ден астам кәсіпкерлер бар екенін, олардың Қазақстан-Түркия бизнес-форумына қатысатынын жеткізді. «Біз екі ел кәсіпкерлерінің бірлескен кәсіпорындар құруын, екі ел экономикасына инвестиция салуын және үшінші елдердің аумағында бірлесіп жұмыс істеуін қалаймыз»,- деді Р.Эрдоган. «Біз бұл іске қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді ол.
Кездесу барысында сенат төрағасы Н.Әбіқаев парламентаралық ынтымақтастық тобын құру туралы бастама көтерді. «Бұл бастаманы мен қолдаймын және осындай комиссия құрылған жағдайда екі ел арасындағы байланыс нығая түседі деп сенемін»,- деді Түркия үкімет басшысы.

Перейти к новостям спорта