Шардара су қоймасында 7 адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.49
  • 552.59
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шардара су қоймасында 7 адам суға батып кетті

Шардара су қоймасында 7 адам суға батып кетті

26-мамырда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында қайықтың аударылуы салдарынан 7 адам суға батып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2005
  • 451
Фото - Caravan.kz

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен 4 адамның ғана аты-жөні анықталды. Қалғандарына қатысты мәліметтер анықталып жатыр.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің судан құтқару қызметінің мамандары мәйіттерді судан шығарып алды.