Батыс Қазақстан облысында автокөлік пен поездың соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.49
  • 552.59
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында автокөлік пен поездың соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында автокөлік пен поездың соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында автокөлік пен поездың соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2005
  • 393
Фото - Caravan.kz

Министрліктің ақпаратына сәйкес, апат 26-мамырда 14 сағат 29 минутта Бөкейорда ауданындағы Шұнғай елді мекенінің маңында болған. Орал шекара отрядының «Шұнғай» заставасына қарасты «УАЗ» автокөлігі Махачкала -Мәскеу бағытындағы №85 жолаушылар поезының локомотивімен соғысып қалған.

Апат салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды. Апатқа байланысты аталмыш жол учаскесіндегі қозғалыс екі сағатқа тоқтатылды.
Сонымен бірге 26-мамырда Ағадыр-Қарағанды-Сортировочная бағытындағы жүк поезының бос вагонының жолдан шығып кетуі салдарынан үш сағатқа қозғалыс тоқтатылды. Бұл оқиға Қарағанды облысындағы Қарамұрын станциясында болған.